Камералары бар Hyundai Elantra елорда көшелерін аралап жүр деген ақпарат әлеуметтік желіде тарады.

Tengrinews.kz хабарлағандай, Астана қаласының полиция департаменті жүргізушілерді жасырын бақылайтын автомобиль туралы ақпаратты растады. Тәртіп сақшылары арнайы белгісі жоқ «Элантраға» Алматы облысында қолданылатын Ekin Xspotter кешені орнатылғанын айтты. Бұл құрылғы жыл басынан бері шамамен 5000 жол ережесін бұзу фактісін анықтаған, басым бөлігі жылдамдық асырумен байланысты.
Департамент өкілдері автоматты түрде тіркейтін мобильді кешендер жедел жәрдем машиналары мен қоғамдық көлікке де орнатылуы мүмкін деді.
Елордадағы жасырын бақылау жүйесі осыдан 9 жыл бұрын, 2016 жылдың қазанында іске қосылды. Ал әлеуметтік желіде тараған суреттердегі машина — жаңа Hyundai Elantra. Демек құрылғы жаңа техникаға ауысқан секілді. Оған қоса автомобиль полиция нөмірлерін емес, қарапайым нөмір таққан. Бұл барынша жасырын болу үшін жасалған ба?
Жедел жәрдем көлігіне камера орнату тәжірибесі бірнеше өңірде сынақтан өтті. Мысалы, Ақтау — Жаңаөзен тас жолында бақылау құрылғылары тіпті жолаушы тасымалдайтын автобустарда тұр. Билік жеті жыл бұрын Алматыдағы қоғамдық көлікке видеобақылау орнатпақшы болған. «Жолақ» атауын алған жүйені Ғарыштық зерттеулер институты әзірлеген. Алайда жоба жалғасын таппады.
пидарасдар