Audi тағы электрге көшуден бас тартты

Audi дәстүрлі мотордан бас тартпайды

Іштен жанатын қозғалтқышпен жүретін модельдер топтамасының алғашқы өкілі биыл шығуы мүмкін.

Біраз уақыт бұрын бүкіл модельдік қатарына электромотор орнатуды жоспарлаған Audi бұл ойынан айнып қалды. Былтыр компания 2033 жылға қарай дәстүрлі агрегаттан арылмақ болған, бірақ компания басшысы Гернот Дёлльнер Autocar басылымына берген сұхбатында бұл жуық арада іске аспайтынын айтты. Алдағы он жылда инженерлер жаңа моторлар мен соларға негізделген гибрид құрылымдар жасайды.

Гернот Дёлльнер алдыңғы шешімді шығарған мен емес, бірақ оның күшін жойдым, дәстүрлі мотормен жүретін көлік өндірісі жалғасады деді. Audi классикалық модельдермен қатар гибрид ұсынады. Бренд мұнымен топтамасын алдағы 7–10 жылға бейімдей алады. Осы мерзімнің аяғына қарай компания нарық болашақта қалай дамитынына қайта мән береді.

Audi электрлі көліктен мүлде бас тартпайды. Мысалы, келер жылы A3-тің қатарына электрлі модель қосылады. Шағын көліктер нарықтан кетеді. Оның орнын толтыру мақсатында компания ірі Q9 индексті кроссовер жасайды. Дёлльнер R8 не ТТ секілді спорткарларды қайта жаңғырту жоспарын жоққа шығармады.

Жақында Audi жаңа концепт-карын таныстырады. Компания басшысы бұл болашақ сериялық модельге негіз болады дейді. Ол — брендтің жаңа бас дизайнері Массимо Фрачелланың алғашқы толыққанды жобасы әрі Audi-дің дизайн бағытын айқындайды. Концепттің шанағы қандай болатыны белгісіз.

Комментариев: 0

Чтобы оставить комментарий, вам необходимо зарегистрироваться или авторизоваться.